Біз туралы
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің тарихы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қызметі кезеңінен бастау алады және Парламент қызметін ұйымдастырушылық әрі шаруашылық қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы мен дамуымен тығыз байланысты.
1990 жылғы сәуірде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымы (1990 жылғы сәуір – 1993 жылғы қараша) кезеңінде Жоғарғы Кеңестің қаржылық-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуді Жоғарғы Кеңес Аппаратының құрамына кірген Жоғарғы Кеңестің Іс басқармасы жүзеге асырды. 1991 жылғы шілдеде Жоғ...
2026 жылғы 15 шілдеде Парламентаризм институтында заң техникасы мен...
Парламентаризм институтының маманы Ақниет Нұғманова Public Administ...
МТҚБ-ның ведомстволық бағынысты кәсіпорындарында тәлімгерлік инстит...
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының б...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1337 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Жарлығына сәйкес «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
1996 жылғы қаңтарда қос палаталы Парламент құрылды. Сенат және Мәжіліс аппараттарының 1995 жылғы 28 желтоқсандағы «Парламент аппараттарының уақытша құрылымы мен саны туралы» бірлескен өкімі бойынша 27 бірлігі бар Парламенттің Іс басқармасы құрылуы көзделген.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 2918 Жарлығына сәйкес құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы Ережеге өзгерістер енгізілген болатын, осыған сәйкес Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларына, Парламент депутаттары мен Парламент Палаталар аппараттары қызметін қамтамасыз етуді, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Іс басқармасы құрылымына Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы - ведомосі енгізілген.
1996 жылғы 15 сәуірде Президент Іс басқарушысының № 50 бұйрығымен 40 бірлігі бар, Парламенттің ШБ-сы Басшысы бар – ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, Шаруашылық басқармасы құрылады. Президент Іс басқарушысының 1996 жылғы 18 қазандағы бұйрығымен Парламенттің ШБ-ның ұсынымы негізінде Парламент ШБ-сы бастығына Президент Іс басқармасымен теңдей екінші санаттың 5-ші біліктілік класы берілді.
2000 жылғы 25 мамырда Парламент ШБ-сы бастығының № 10-ш бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бекіту туралы» № 318 Жарлығымен бекітілген Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымының тізбесіне сәйкес ШБ-сы Аппаратының мемлекеттік қызметшілері бекітілді.
2000 жылғы 29 қарашада № УД-01/42 бұйрығымен Президент Іс басқармасы бойынша ҚР Парламентінің ШБ-сы туралы Ереже бекітілді.