Басты бетШаруашылық қамтамасыз ету департаменті және ведомстволық бағынысты кәсіпорындар энергияны үнемдеу...

Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті және ведомстволық бағынысты кәсіпорындар энергияны үнемдеу және ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда

Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті және ведомстволық бағынысты кәсіпорындар энергияны үнемдеу және ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті және ведомстволық бағынысты кәсіпорындар энергияны үнемдеу және ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті және ведомстволық бағынысты кәсіпорындар энергияны үнемдеу және ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда

Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті ведомстволық бағынысты кәсіпорындармен бірлесіп энергия тиімділігін арттыруға, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға және су тұтынуды азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді.

Энергетикалық ресурстардың шығынын бақылау және оңтайландыру мақсатында олардың тұтынылуына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша инженерлік жүйелер мен объектілерді пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған қажетті шаралар қабылданады.

Құрылтай ғимаратында су тұтынуды қысқартуға мүмкіндік беретін араластырғыштарға арналған энергия үнемдейтін 40 аэратор қондырмасы орнатылды. Жылумен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жылыту жүйесінің 7 жылу алмастырғышына жуу жұмыстары жүргізілді.

«Нұрсая-1» тұрғын үй кешенінде жылытылмайтын үй-жайларда орналасқан жылыту және сумен жабдықтау жүйелерінің жылу оқшаулауын қалпына келтіру жұмыстары орындалды. Қалпына келтірілген жылу оқшаулауының жалпы ұзындығы 75 погон метрді құрады.

Автошаруашылық аумағында энергия үнемдейтін 47 жаңа сыртқы жарықтандыру шамы мен прожектор орнатылды. Сонымен қатар жарықтандыру тіректеріндегі кабель желілерінің зақымданған 50 метр учаскесі ауыстырылды. Бұл сыртқы жарықтандыру жүйесінің сенімділігін арттыруға және пайдалану шығындарын төмендетуге ықпал етеді.

Энергия үнемдеу технологияларын енгізу және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар объектілердің сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге, энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға бағытталған.