Басты бетПарламентаризм институты маманының мақаласы Scopus дерекқорының бірінші квартильдегі (Q1) журналы...

Парламентаризм институты маманының мақаласы Scopus дерекқорының бірінші квартильдегі (Q1) журналында жарияланды

Парламентаризм институты маманының мақаласы Scopus дерекқорының бірінші квартильдегі (Q1) журналында жарияланды Парламентаризм институты маманының мақаласы Scopus дерекқорының бірінші квартильдегі (Q1) журналында жарияланды

Парламентаризм институтының маманы Ақниет Нұғманова Public Administration бағыты бойынша Scopus халықаралық дерекқорына енгізілген және бірінші квартильге (Q1) жататын Transforming Government: People, Process and Policy халықаралық рецензияланатын ғылыми журналында (Emerald баспасы) ғылыми мақаласын жариялады.

«Institutional Trust and Public Support for AI-Driven Governance: Implications for Democratic Resilience» атты мақалада мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектіні қолдануды қоғамдық қолдауға институционалдық сенімнің ықпалына арналған зерттеу нәтижелері ұсынылған. Pew Research Center жүргізген жалпыхалықтық зерттеу деректеріне сүйене отырып, автор азаматтардың мемлекеттің жасанды интеллект технологияларын тиімді реттеу қабілетіне деген сенімі қоғамның маңызды шешімдерді алгоритмдік жүйелерге қабылдатуға дайын болуының негізгі факторларының бірі екендігін дәлелдейді.

Зерттеу цифрлық трансформация жағдайындағы қазіргі мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерінің біріне арналған. Алынған нәтижелер мемлекеттік секторда жасанды интеллект технологияларын табысты енгізу олардың тиімділігіне ғана емес, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне, реттеу тетіктерінің ашықтығына және халықтың цифрлық сауаттылық деңгейіне де байланысты екенін көрсетеді.

Scopus дерекқорының бірінші квартиліне (Q1) кіретін ғылыми журналда жарияланымның жарық көруі маңызды ғылыми жетістік болып табылады. Бұл Парламентаризм институты жұмыскерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін растап, қазақстандық заң және саяси ғылымдарының халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін нығайтуға өз үлесін қосады.

Жалпы алғанда, есепті кезеңде Парламентаризм институтының қызметкерлері ғылыми қызмет аясында заңнаманың теориялық және қолданбалы аспектілерін дамытуға бағытталған 52 ғылыми, талдамалық мақала мен ғылыми-практикалық материал дайындап, жариялады.

 

Мақалаға сілтеме:

https://www.emerald.com/tg/article-abstract/doi/10.1108/TG-03-2026-0125/1385411/Institutional-trust-and-public-support-for-AI?redirectedFrom=fulltext