«Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің тарихы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қызметі кезеңінен бастау алады және Парламент қызметін ұйымдастырушылық әрі шаруашылық қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы мен дамуымен тығыз байланысты.
1990 жылғы сәуірде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымы (1990 жылғы сәуір – 1993 жылғы қараша) кезеңінде Жоғарғы Кеңестің қаржылық-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуді Жоғарғы Кеңес Аппаратының құрамына кірген Жоғарғы Кеңестің Іс басқармасы жүзеге асырды. 1991 жылғы шілдеде Жоғарғы Кеңес Аппараты құрылымының өзгеруіне байланысты Іс басқармасының Қаржы-шаруашылық бөлімі болып қайта құрылды. 1992 жылғы шілдеде бөлім Жоғарғы Кеңестің Қаржы-шаруашылық істері басқармасы болып қайта аталды.
1994 жылғы мамырда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымы (1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз) кезеңінде Жоғарғы Кеңес Төрағасының шешімімен Жоғарғы Кеңес Аппаратының уақытша құрылымы бекітілді (Жоғарғы Кеңестің Үйлестіру кеңесінің 1994 жылғы 6 маусымдағы
№ 19 қаулысы).
1996 жылғы қаңтарда, Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті құрылғаннан кейін, Сенат пен Мәжіліс аппараттары басшыларының 1995 жылғы 28 желтоқсандағы «Парламент Аппаратының уақытша құрылымы мен штат саны туралы» бірлескен өкіміне сәйкес Парламенттің Іс басқармасы құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы № 2918 «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымына Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы ведомствосы енгізілді. 1996 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының № 50 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы құрылды. Шаруашылық басқармасының басшысы бір мезгілде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1337 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Жарлығына сәйкес «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.