Басты бетМТҚБ Автошаруашылығы көлік құралдарын цифрлық басқаруға көшіруде

МТҚБ Автошаруашылығы көлік құралдарын цифрлық басқаруға көшіруде

МТҚБ Автошаруашылығы көлік құралдарын цифрлық басқаруға көшіруде

Ішкі бизнес-процестерді цифрландыру және оңтайландыру бағдарламасы аясында МТҚБ Автошаруашылығында диспетчерлік қызметті автоматтандыру бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Өзгерістердің негізгі құралы ретінде кәсіпорын көлігін басқару үдерісін заманауи цифрлық форматқа көшіретін uDriver мобильді қосымшасы енгізіліп, дамытылуда.

uDriver қосымшасын енгізу диспетчерлік қызмет жұмысына елеулі өзгерістер әкеліп, автопаркті басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бір өтінімді өңдеу уақыты 2 минуттан 30 секундқа дейін қысқартып, үдерісті төрт есе жылдамдатады.

Пайдаланушылар нақты уақыт режимінде тапсырыстың мәртебесін, көлік құралының орналасқан жерін және мемлекеттік тіркеу нөмірін бақылау мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде қосымша нақтылау қоңырауларына қажеттілік іс жүзінде жойылып, диспетчерлік персоналға түсетін жүктеме айтарлықтай азаяды.

Сондай-ақ сапарларды ұйымдастыру форматы өзгеруде: тасымалдаулар ұзақ күтусіз «А нүктесінен В нүктесіне дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Қосымша ретінде жолаушыны күтуге арналған 15 минуттық автоматты лимит енгізіледі. Бұл көлік құралдарының бос тұрып қалуын қысқартып, автопаркті пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

uDriver платформасын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта коммуникациялардың сапасы мен тиімділігін арттыру үшін SIP-телефонияны енгізу;

орындалған сапарлар мен жол парақтары туралы деректерді кәсіпорынның есеп жүйесіне автоматты түрде беру мақсатында 1С (АБЖ) жүйесімен интеграциялау бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жобаны іске асыру персоналға түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, жеделдікті, бақылауды және көлік қызметтерінің сапасын жаңа деңгейде қамтамасыз ететін ашық әрі жоғары тиімді цифрлық автопарк басқару жүйесін құруға мүмкіндік береді.