Басты бет«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.08.2025 - 02.09.2025

Қабылдау 1 этап: 03.09.2025- 05.09.2025

Қабылдау 2 этап: 09.09.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 10.09.2025- 12.09.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 17.09.2025- 19.09.2025

Сұхбат: 24.09.2025

Анықтама телефоны: 87011987077

C-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 268344

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы, C-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Ведомстволық қарасты кәсіпорындар кескінінде олардың банк шоттарындағы ақшалардың болуы туралы ай сайынғы есепті жасау. МТҚБ мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар теңгеріміндегі ақша қаражаттарына, тауар-материалдық қорларға түгендеу жүргізуге қатысу. МТҚБ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттарын аумақтық қазынашылық органда тіркелуін жүзеге асырады. Төлем бойынша шарт талаптарын орындауды жүзеге асыру. Бағдарламалар бойынша шығыстарды төлеуге төлем құжаттарын дайындайды. Басқарма құзыретіне кіретін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу мерзімі мен сапасын бақылауды жүзеге асырады. МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржылық есептерін тексеруді жүзеге асырады.

Қосымша талаптар:

ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарлама пакетін, электрондық құжатайналым бағдарламаларын білу., «1С-бухгалтерияны» білу., Бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істей білу тәжірибесі., Бухгалтерлік есеп және есептіліктің қазіргі заман стандарттарының негіздерін білу.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.