Басты бет«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.08.2025 - 20.08.2025

Қабылдау 1 этап: 21.08.2025- 25.08.2025

Қабылдау 2 этап: 27.08.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 28.08.2025- 30.08.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.09.2025- 06.09.2025

Сұхбат: 10.09.2025

Анықтама телефоны: 87011987077

C-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 268344

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшыларының бос орындарына тағайындау конкурстарын ұйымдастыру. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарды ресімдеу, жеке істер мен еңбек кітапшаларын жүргізу, оларға қажетті жазбалар енгізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету. МТҚБ мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшыларының аттетаттаудан өтуін ұйымдастыру. Ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметкерлерімен біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлар мен тағылымдамалар өткізу, МТҚБ мемлекеттік қызметшілерін құқықтық жағдайлары мен мемлекеттік қызметтен өту мәселелері бойынша кеңестер береді. Мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген шектеулерді қабылдайтындығы туралы жазбаша нысандағы келісімдерін белгілейді және олардың орындалуын бақылайды. МТҚБ мемлекеттік қызметшілерінің оқуын, қайта даярлануын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады. Кадр мәселелері жөніндегі тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және басқа да комиссиялардың қызметін ұйымдастырады,  қызметтік тексерулер жүргізеді. МТҚБ мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын әзірлеуді қамтамасыз етеді. МТҚБ қызметкерлерінің жеке табыс салығы бойынша салық декларацияларын уақтылы тапсыру мәселесін бақылайды.   Кадрлардың   есебін   және   талдауын, олардың   құрамы  мен алмасушылығын жүргізеді. МТҚБ қызметкерлеріне жеке карталары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларына куәліктердідайындау мен берілуін ұйымдастырады. МТҚБ мемлекеттік қызметшілеріне бағалау жүргізуді ұйымдастырады. МТҚБ-дағы еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек тәртібі мен талаптарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Қосымша талаптар:

ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарлама пакетін, электрондық құжатайналым бағдарламаларын білу.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, құқықтану, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.