Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» РМК мына мекенжайда орналасқан: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Е-128 көшесі, 16 А ғимараты. Анықтама телефоны (7172) 74-74-51.
Кәсіпорынның негізгі қызметі – Қазақстан Республикасы Парламентінің басшылары мен депутаттарына, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ұйымдарының, басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне автокөліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ ресми іс-шараларға, шетелдік делегацияларға, жеке және заңды тұлғаларға көліктік қызмет көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
● білімі жоғары кәсіби;
● мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
● осы санаттағы нақты лауазым мамандарына сәйкес, салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;
● Word, Excel бағдарламалары бар дербес компьютермен жұмыс жасай білу, Интернет, электрондық поштасындағы жұмыс дағдылары;
● лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті түрдегі басқа да білімдерді меңгеру.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс жариялаған Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында конкурсқа қатысуға рұқсат етілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4. Еркін түрде жазылған өмірбаяны;
5. Білімі және еңбек өтілі туралы нотариалдық бекітілген құжаттар көшірмесі;
6. Нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7. Қазақстан азаматтығының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 КҮНТІЗБЕЛІК КҮН өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттарды қабылдау және конкурс мына мекенжайда өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, А314 кабинет, анықтама телефоны (7172) 74-74-51.