- Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ШҚД) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының (бұдан әрі – Іс басқармасы) ведомствосы болып табылады және осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Республикасы Құрылтайы аппаратының басшысы және оның қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етеді.
2. ШҚД өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. ШҚД мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. ШҚД азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. ШҚД заңнамаға сәйкес, оған уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. ШҚД өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ШҚД басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй.
9. Осы Ереже ШҚД-ның құрылтай құжаты болып табылады.
10. ШҚД-ның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. ШҚД өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан ШҚД-ға кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер ШҚД-ға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
1) Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының, Құрылтай аппараты басшысының, Құрылтай аппараты қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызмет көрсетілетін адамдар) қызметін материалдық-техникалық, көліктік, әлеуметтік-тұрмыстық, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету;
2) Құрылтайдың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
3) Құрылтай, Құрылтай жанындағы Қоғамдық палата мен саяси партиялардың фракциялары өткізетін мәжілістерді, конференциялар мен басқа да ресми іс-шараларды қаржыландыруды, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
4) заңнама тиімділігін талдауды (нормативтік құқықтық актілерді талдауды) қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасындағы парламентаризмді дамыту және оның тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- Қазақстан Республикасы Құрылтайын ШҚД-сы құзыретіне кіретін барлық мәселе бойынша мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан бүкіл қажетті ақпаратты, анықтамалық деректерді сұрату;
- ведомстволық қарасты кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
- ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметіне тексеріс пен құжаттық тексеру жүргізу;
- Іс басқармасымен келісілгеннен кейін ведомстволық қарасты ұйымдарға бекітілген жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға, алып қоюға және/немесе қайта бөлуге келісім беру;
- ведомстволық қарасты ұйымдарға бекітілген өзге де мүлікті иеліктен шығаруға, алып қоюға және/немесе қайта бөлуге келісім беру;
- Қазақстан Республикасы Құрылтайын ШҚД қызметінің бағыттары бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдер, шарттар жасау;
- табысқа қол жеткізу мақсатында ведомстволық қарасты кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қажетті барлық шараны қабылдау, оның ішінде олар көрсететін қызметтер тарифін келісу;
- ведомстволық қарасты кәсіпорындардың перспективалық даму мәселелерін шешу;
- заңнамада оған жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
- тиісті жоспарлы кезеңге, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына нақтылау үшін ШҚД бюджет жобасын Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізгенге дейін Іс басқармасымен келісу;
- ведомстволық қарасты кәсіпорындарға бекітілген мемлекеттік мүліктің мақсатты пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
- ведомстволық қарасты кәсіпорындардың ШҚД-ның келісімі бойынша тағайындалатын қызметкерлерінің номенклатурасын бекіту;
- ведомстволық қарасты кәсіпорындармен оларға бекітілген мемлекеттік мүлікті пайдалану талаптары туралы шарт жасасу;
- ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметін жоспарлау және бекітілген жоспарлардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- компьютерлік жүйелерді ақпараттық-техникалық қорғау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
- цифрлық технологиялардың қолданылуын ескере отырып, олардың даму перспективасын зерттеу және болжау;
- заңнамада оған жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын және аппарат қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады;
2) ШҚД тұрғын үй қорын тиісті пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
3) белгіленген тәртіппен қызмет көрсетілетін адамдарды, Іс басқармасының ұйымдарын, өзге де мемлекеттік органдарды көлікпен қамтамасыз етуді, автокөлік және басқа да техниканы сатып алу мен жөндеуді, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғаларға көлік қызметін көрсетуді ұйымдастырады;
4) ресми іс-шараларды қамтамасыз ету шеңберінде көліктік қызмет көрсетуді, қонақүйлерде тұруды, іс-шаралар өтетін орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, музыкалық сүйемелдеуді, тамақтандыруды, мәдени іс-шараларды, аударма жасауды, медициналық қызмет көрсетуді, баспа, кәдесый-сыйлық пен гүл өнімдерімен, банерлермен қамтамасыз етеді және т.б. ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасы Құрылтай Төрағасы үшін әуемен тасымалдауды ұйымдастырады;
6) белгіленген тәртіппен қызмет көрсетілетін адамдарды дене шынықтыру-сауықтыру және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
7) құрылыстың, қайта жаңартудың, күрделі жөндеудің ағымдағы және перспективалық бағдарламалары мен жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлейді және бекітеді, ШҚД объектілерінің құрылысын, қайта жаңартылуы мен күрделі жөнделуін ұйымдастырады және бақылайды, тұрғын үйді, әлеуметтік-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалауды және салуды ұйымдастырады және бақылайды;
8) Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы ақпараттандыру процестеріне мониторинг пен кешенді талдау жүргізуді, оларды әзірлеу мен сүйемелдеуді жүзеге асырады;
9) Іс басқармасы мен ШҚД қарамағындағы ғимараттарда және басқа ғимараттар мен объектілерде қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырады;
10) Іс басқармасы мен ШҚД балансындағы объектілерді пайдалануды, оларға бекітілген орын-жайларды, жабдық пен өзге де мүлікті, сондай-ақ іргелес жатқан аумақты қалыпты жай-күйде күтіп ұстауды ұйымдастырады;
11) қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу қажеттілігінің ғылыми негіздемесін, жаңа нормаларды енгізуді, заң жобаларының тұжырымдамасы мен мәтінін әзірлеуді, егер заң жобасында мемлекеттік шығыстарды қысқарту немесе ұлғайту көзделетін болса, қаржылық-экономикалық есептер жасауды, заң қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдарын әзірлеуді, бар болса статистикалық деректерді келтіруді, сондай-ақ заң жобасын Құрылтайға енгізу үшін заңнамада талап етілетін басқа да материалдарды дайындауды қоса алғанда, депутаттардың заңнамалық бастама құқығын іске асыруына көмек көрсетеді;
12) заң жобалау қызметін жүзеге асыруды, қоғамда социологиялық және сараптамалық сауалнама жүргізуді қамтамасыз етеді;
13) қолданыстағы заңнаманың тиімділігіне, оның ішінде депутаттардың ел өңірлеріне сапарларының қорытындысы бойынша алынған ақпаратқа талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
14) мемлекеттік және қоғамдық өмір салаларын заңнамалық реттеуді, заңдардың іске асырылуы мен құқықтық мониторинг тетігін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар дайындауды және талдауды қамтамасыз етеді;
15) ШҚД ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жұмысына, оның ішінде оларға бекітілген мүлікті пайдалану тиімділігін арттыруға басшылық етуді, оны үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады;
16) республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми іс-шараларын өткізу жөніндегі шығыстар сметасын, өкілдік шығындар жөніндегі нормаларды әзірлейді және бекітеді, осы шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асырады;
17) ШҚД ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
18) ШҚД құрылымы мен штат кестесін Іс басқармасымен келіседі;
19) Іс басқармасына ШҚД мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының бюджеттік есептілігін (бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың жиынтық есебін), қаржылық есептілігін, ведомстволық қарасты ұйымдардың банк шоттарында ақша қаражатының бар болуы туралы, ШҚД мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есептерді, сондай-ақ Іс басқармасының актілерінде белгіленетін басқа да құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді;
20) ШҚД мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарын бақылауға қатысты мәселелер бойынша Іс басқармасына қажетті құжаттарды, анықтамаларды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді ұсынады;
21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақылаушы және қадағалаушы органдар анықтаған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды;
22) полиграфия өнімін шығаруды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Құрылтайының полиграфиялық базасын дамытуды үйлестіреді;
23) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Құрылтайының басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруына қаржылық көмек көрсетеді;
24) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
25) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың шарттық-құқықтық жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
26) бухгалтерлік есептің жүргізілуіне әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз етеді және ведомстволық қарасты кәсіпорындарда есеп пен есептіліктің жай-күйін бақылайды;
27) ШҚД құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
28) ШҚД құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
29) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тиісті саласының уәкілетті органы болады;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етеді;
31) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;
32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. ШҚД-ға басшылықты ШҚД-ға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерінің жүзеге асырылуына дербес жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
16. ШҚД-ның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. ШҚД бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
18. ШҚД бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының, ШҚД құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) ШҚД қызметкерлерін, ал Іс басқармасының актілерінде белгіленген жағдайларда Іс басқармасымен келіскеннен кейін ғана, лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының келісімі бойынша ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен оларды аттестаттаудан өткізеді;
4) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының келісімі бойынша штат кестесін бекітеді;
5) бұйрықтар шығарады, нұсқаулықтар мен қағидаларды бекітеді, ШҚД әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын дәйектейді, өз өкілеттіктеріне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар келісуге енгізетін нормативтік құқықтық актілер жобаларына бұрыштама қояды;
6) ШҚД-ның жұмыс регламентін, ШҚД құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың еңбекақы төлеу қорын, басшыларының, олардың орынбасарлары мен бас бухгалтерлерінің жалақысын бекітеді;
8) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың құрылымы мен штат кестесін келіседі;
9) Іс басқармасының келісімі бойынша және ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының ұсынысы негізінде ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының орынбасарларын, бас бухгалтерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
10) уәкілетті органға ведомстволық қарасты кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге ұсынады;
11) ШҚД қызметкерлерін, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларын, олардың орынбасарлары мен бас бухгалтерлерін көтермелейді;
12) заңнамада белгіленген тәртіппен ШҚД қызметкерлеріне, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларына, олардың орынбасарлары мен бас бухгалтерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
13) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда ШҚД атынан өкілдік етеді;
14) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ШҚД басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетін атқарушы тұлға жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің мүлкі
19. ШҚД-ның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. ШҚД-ның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. ШҚД-ға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, ШҚД-ның оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментін қайта ұйымдастыру және тарату
22. ШҚД-ны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментіне қарасты кәсіпорындардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Инженерлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің «Парламентаризм институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.a