Басты бетПарламент қызметін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Материалдық-техникалық ету басқармасының қы...

Парламент қызметін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Материалдық-техникалық ету басқармасының қызметкерлері марапатталды

Парламент қызметін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Материалдық-техникалық ету басқармасының қызметкерлері марапатталды Парламент қызметін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Материалдық-техникалық ету басқармасының қызметкерлері марапатталды

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Серік Бақтияр ұжымды Парламент сессиясының табысты аяқталуымен және Қазақстан Республикасы қос палаталы Парламенті қызметінің ресми түрде аяқталуы сияқты тарихи оқиғамен құттықтады.

Өз сөзінде Серік Бақтияр Парламент қызметін қамтамасыз ету ісіне Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен оған қарасты кәсіпорындар қызметкерлерінің қосқан үлесін жоғары бағалап, олардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және адал еңбегіне алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы адал еңбегі үшін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен оған бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Парламентіне – 30 жыл» мерейтойлық медалімен, сондай-ақ Қазақстан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Ж. Қошановтың, Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы М.А. Спотқайдың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Кездесуді қорытындылай келе, Серік Бақтиярұлы әріптестеріне адал еңбегі мен ортақ іске қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, қол жеткізілген нәтижелер ұйымшыл ұжымның бірлескен еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Ол барша қызметкерлерге зор денсаулық, кәсіби табыс, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.