Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттары дирекциясының өндірістік әлеуетін дамыту аясында Полиграфиялық қамтамасыз ету қызметі эксклюзивті, сувенирлік, сыйлық және презентациялық өнімдерді толық цикл бойынша өндіруге мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен толық жабдықталды. Жаңа өндірістік кешен құрамына УК-принтер, планшетті кескіш плоттер, мұқаба дайындау машинасы енгізілді.
Аталған жабдықтарды пайдалану Қызметтің өндірістік мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, премиум-сегменттегі өнімдерді шығаруды қамтамасыз етеді және сыртқы мердігерлерді тартпай-ақ жеке тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді.
Жаңа жабдықты пайдалануға енгізу МТҚБ ӘҒД Полиграфиялық қамтамасыз ету қызметіне өнім түрлерін едәуір кеңейтуге және жоғары маржалы премиум-класс өнімдері нарығына шығуға мүмкіндік береді. Заманауи өндірістік кешен өнімді дайындаудың толық циклін – конструкция мен қаптаманы әзірлеуден бастап дайын бұйымдарды брендтеуге дейін қамтамасыз етеді.
Аталған бағыттарды іске асыру өндірістік қызметтің тиімділігін арттыруға, бөлімшенің табыстылығын ұлғайтуға және мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен корпоративтік тапсырыс берушілерді өз өндірісіміздің сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.