Жыл сайын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мемлекеттік қызметшілер Мемлекеттік Гимнді бірлесіп орындауға қатысады. Бұл игі дәстүр ұжымды біріктіреді, отансүйгіштік сезімін, елге және оның ұлттық құндылықтарына құрмет сезімін нығайтады.
Бүгін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік Гимнді орындау және Қазақстан Республикасына, оның тәуелсіздігіне және мемлекеттік рәміздерге адалдықтарын білдіру үшін жиналды. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн – еліміздің егемендігінің маңызды атрибуттары, халық бірлігінің, бейбітшілік пен өркендеудің нышандары.
Мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!