Бүгін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Басшысы С. Бақтияр ұжымға МТҚБ, оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының қызметін цифрландыру және киберқауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жаңа орынбасары Дәурен Нұрланұлы Молдахметовті таныстырды.
Дәурен Нұрланұлы Молдахметов еңбек жолын телекоммуникациялар және ақпараттық қауіпсіздік саласында бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-да бас маман, сарапшы-талдаушы болып жұмыс істеді.
Ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздік саласында айтарлықтай тәжірибесі бар.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қауіпсіздік департаментінің киберқауіпсіздік және ақпараттық жүйелерді қорғау басқармасының бастығы, Қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Кейін еңбек қызметін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында цифрландыру және жобалық басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымында жалғастырды.
2026 жылғы 1 маусымнан бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ұжымға Д. Молдахметовті таныстыра отырып, С. Бақтияр жаңа орынбасардың кәсіби тәжірибесі, құзыреттілігі мен басқарушылық қасиеттері МТҚБ-ны одан әрі дамытуға, жұмыстың тиімділігін арттыруға және қойылған міндеттерді табысты іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.