Басты бетБалаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: танымдық демалыс, шығармашылық және жаңа әсерлер

Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: танымдық демалыс, шығармашылық және жаңа әсерлер

Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: танымдық демалыс, шығармашылық және жаңа әсерлер Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: танымдық демалыс, шығармашылық және жаңа әсерлер Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: танымдық демалыс, шығармашылық және жаңа әсерлер Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: танымдық демалыс, шығармашылық және жаңа әсерлер Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: танымдық демалыс, шығармашылық және жаңа әсерлер Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: танымдық демалыс, шығармашылық және жаңа әсерлер

Халықаралық балаларды қорғау күні МТҚБ мен оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындарында қызметкерлердің балалары үшін білімге деген қызығушылықты арттыруға, таланттарын ашуға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ең жарқын оқиғалардың бірі ретінде МТҚБ Инженерлік орталығы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимаратына экскурсияны атап өтуге болады. Жас қатысушылар ата-аналары еңбек ететін ортамен танысып, Парламенттің қызметі мен оның елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі туралы мол мағлұмат алды. Экскурсия барысында балаларға заң шығарушы органның негізгі жұмыс бағыттары түсіндіріліп, мекеменің кітапханасы мен бай кітап қорымен танысу мүмкіндігі берілді. Бұл сапар балаларға ерекше әсер қалдырып, олардың жақындарының еңбегіне жаңа қырынан қарауына және ел өміріндегі маңызды үдерістерге өздерінің қатыстылығын сезінуіне ықпал етті.

Сонымен қатар, МТҚБ Парламентаризм институты кәсіпорын жұмыскерлерінің балалары үшін кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырып, арнайы дәріс өткізді. Іс-шара қатысушылардың дүниетанымын кеңейтуге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және жаңа білімді қызықты форматта игеруіне мүмкіндік берді.

МТҚБ Автошаруашылығы ұжымы қызметкерлердің балаларын «Күлшеқыздың шыны шәркейі» қойылымын тамашалау үшін қуыршақ театрына апарып, қуаныш сыйлады. Сахнаның әсем безендірілуі, актерлердің шебер ойыны және ертегінің тәрбиелік мәні мен зор мазмұны кішкентай көрермендерді сиқырлы әлемге жетеледі.

МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясы бастауыш мектептің 4-сыныбын аяқтаған түлектерді құттықтады. Сондай-ақ сыйлықтар табысталып, «Asia Park» ойын-сауық орталығындағы кинотеатрға саяхат ұйымдастырылды.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерінің балалары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған «Бақытты балалық шақ» сурет байқауына және «Шебер қолдар» қолданбалы өнер байқауына қатысты. Шығармашылық сайыстарға 5 пен 12 жас аралығындағы балалар қатысты. Жас суретшілер мен қолөнер шеберлері өздерінің креативтілігін көрсетіп, жарқын әрі ерекше жұмыстарын ұсынды. Байқаулар балаларға өз таланттарын танытып, лайықты марапатқа ие болуға мүмкіндік берген нағыз шығармашылық мерекесіне айналды.

Өткізілген іс-шаралар балаларға қуаныш, шабыт және жаңа жаңалықтарға толы ерекше атмосфера сыйлап, көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер қалдырды. Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға және белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.