МТҚБ және оның ведомстволық бағынысты кәріспорындарында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының негізгі жаңашылдықтарын талқылауға арналған кездесулер өтті.
Өткізілген іс-шаралар барысында Парламентаризм институтының сарапшысы Қабылбаева М.А. елдің жаңартылған Ата заңында қамтылған негізгі өзгерістер мен тұжырымдамалық тәсілдерді жан-жақты түсіндірді.
Қатысушыларға конституциялық реформалардың негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, онда жалпыұлттық құндылықтар, Қазақстан халқының бірлігі идеялары, «Заң және Тәртіп» қағидаты, сондай-ақ білім беру, ғылым, инновациялар және экологиялық жауапкершілікті дамыту басымдықтары көрініс тапқан жаңартылған Преамбулаға ерекше мән берілді.
Талқылау аясында конституциялық құрылыс негіздеріне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, дербес деректерді қорғау тетіктерін жетілдіруге, заң үстемдігі мен әділ сот төрелігі қағидаттарын нығайтуға қатысты өзгерістер қарастырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, жаңа жоғары өкілді орган ретінде Құрылтай институтын енгізуге, Вице-Президент институтын құруға, сондай-ақ Конституциялық Сот пен құқық қорғау тетіктерінің рөлін күшейтуге байланысты жаңашылдықтар түсіндірілді.
Кездесулер барысында жаңартылған Конституция мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Іс-шара соңында пікір алмасу өтіп, оның барысында қатысушылар конституциялық реформалардың өзекті мәселелерін талқылап, өз ойларымен бөлісті және жүргізіліп жатқан өзгерістердің елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.