Басты бет«Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті

«Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті

«Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентінің Кітапханасында Парламентаризм институтының ғылыми-талдамалық басылымы – «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті. Іс-шара аясында парламентаризмді дамыту, заң шығармашылығы қызметі және заманауи қоғамдық-саяси үдерістерді ғылыми тұрғыда зерделеу мәселелері талқыланды.

Таныстырылым барысында журналдың тоқсан сайын электронды форматта жарық көретіні және ғылыми, сарапшылық әрі кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктіруге бағытталғаны атап өтілді. Қатысушыларға басылымның тұжырымдамасы мен ғылыми миссиясы, цифрлық платформасының мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективалары таныстырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Кездесу аясында заң шығару қызметін жетілдіру, құқық шығармашылығы процесінің сапасын арттыру және ашық ғылыми-сарапшылық диалогты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.