2026 жылғы 25 сәуірде Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының барлық ведомстволық бағынысты кәсіпорындарында бекітілген аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазарту мақсатында кешенді сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді. Экологиялық акцияға 400-ден астам қызметкер қатысты, бұл ұжымдардың жоғары деңгейдегі белсенділігі мен тәртіпті сақтау және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
Сенбілік аясында МТҚБ аппараты тарапынан ағаштарды әктеу, чиллерлер айналасындағы бордюрлерді бояу, сондай-ақ іргелес аумақтың газон бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 29 қызметкер қатысты.
МТҚБ-ның Әкімшілік ғимараттар дирекциясы (170 қызметкер) тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылды, оның ішінде жанармай резервуары айналасын тазалау, қоршауларды, люктер мен қазандық қақпаларын жуу және бояу, жанармай резервуарының қабырғаларын бояу, сондай-ақ ағаштар мен бордюрлерді әктеу, сонымен қатар Парламент автотұрағына кіріп-шығу аймақтарындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті жатақханасы аумағында МТҚБ Инженерлік орталығы тарапынан іргелес аумақты тазалау, алаңшаларды бояу және бордюрлерді әктеу жұмыстары атқарылды. Сенбілікке 40 қызметкер қатысты.
Көлемі жағынан ең ауқымды іс-шаралардың бірі МТҚБ Автошаруашылығында өтті, оған 150 қызметкер қатысты. Олар газондарды тазалау, асфальт жабындысын жинау және қалпына келтіру, бордюрлер мен қоршау іргетасын әктеу, сырлау жұмыстары, ағаш отырғызу және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын орындады. Сонымен қатар жөндеу-техникалық бөлімде монтаждық жұмыстар жүргізілді.
МТҚБ Парламентаризм институтының 20 жұмыскері қызметтік ғимараттардың ауласын тазалау, қоқысты шығару, гүлзарлардағы топырақты ауыстыру, сондай-ақ әктеу және сырлау жұмыстарын жүзеге асырды.
Өткізілген сенбілік аумақтардың санитарлық жағдайын айтарлықтай жақсартуға, маусымдық абаттандыру жұмыстарын кешенді түрде орындауға және қызметкерлер арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында 162 қап қоқыс шығарылды, 500 жуық ағаш әктелді, 900 ш.м.-ден астам абаттандыру элементтері (бордюрлер, қоршаулар және т.б.) сырланды. Ұйымдастырылған жұмыстар ұжымдардың жоғары үйлесімділігін және әрбір кәсіпорынның бекітілген аумақтардағы тазалық пен тәртіпті сақтауға қосқан елеулі үлесін растады.