2026 жылғы наурыз–сәуір айларында Парламентаризм институты Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп Қостанай және Алматы облыстарында мәслихат депутаттары мен олардың аппарат қызметкерлеріне арналған екі күндік практикалық тренингтер өткізді.
Іс-шаралардың мақсаты коммуникация, жария этикасы, бюджеттік талдау салаларындағы құзыреттерді дамыту, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны терең зерделеу және мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектті қолдану мәселелерін қарастыру болды.
Тренингтер барысында қатысушылар сайлау жүйелері, жергілікті өзін-өзі басқару, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу және мәслихат деңгейінде шешім қабылдау мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар бюджеттік бақылау, мемлекеттік шығыстардың ашықтығы және өңірлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тренингтің мазмұндық бөлігін Парламентаризм институтының қызметкерлері қамтамасыз етті: Л. Сүлеймен «Замануи сайлау жүйелерінің тетіктері» тақырыбында баяндама жасады; М. Қабылбаева «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамаға шолу», кейстерді (азаматтардың шағымдары, жергілікті маңызы бар мәселелер, инфрақұрылымды жақсарту бойынша сұраныстар) талдау бойынша практикалық жұмыс жүргізіп, мәслихат үшін ұсыныстар әзірлеу»; А. Нұғманова «Жасанды интеллект: мүмкіндіктер, тәуекелдер және жауапкершілік (ҚР «Жасанды интеллект туралы» Заңы аясында)» тақырыбын ұсынды.
Оқыту практикалық кейстерді қолдану, топтық жұмыс және мәслихат сессияларын модельдеу арқылы интерактивті форматта өтті. Қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен кәсіби қызметте қолдануға арналған ұсынымдар берілді.