Басты бетМТҚБ-да қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы

МТҚБ-да қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы

МТҚБ-да қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы МТҚБ-да қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы

2026 жылдың I тоқсанында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (МТҚБ) әдеп жөніндегі уәкілі қызметі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылып, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталды.

Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Төлендиев тарапынан әріптестер арасында қызметтік әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, қызметтік тәртіпті сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Заңнамамен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылады. Есепті кезеңде МТҚБ-ға мемлекеттік қызметке қайта қабылданған 1 қызметкер келіп түсті. Аталған қызметкермен мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру әңгімесі жүргізілді.

2026 жылғы 27 наурызда МТҚБ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған семинарға қатысып, оның аясында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына жол бермеу және лудоманияның алдын алу бағытында профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Жалпы, 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша МТҚБ-ның қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау саласындағы қызметі тұрақты деп бағаланады: бұзушылықтар анықталған жоқ, профилактикалық жұмыс жүйелі негізде жүргізілуде.