Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «МТҚБ әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК (МТҚБ ӘҒД) барлық жоспарланған міндеттердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етті. Ағымдағы жылдың наурыз айында барлық көзделген іс-шаралар орындалды. Бекітілген жоспарға сәйкес су басудың алдын алуға және объектілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстар кешені жүргізілді.
Жыл басынан бері қызмет көрсетілетін объектілердің іргелес аумақтарын тазалауға жүйелі бақылау ұйымдастырылды. Парламенттің әкімшілік ғимараттарының аумағынан, сондай-ақ қызметтік тұрғын үй аумағынан 7208 м³ қар тазаланды.
Ғимараттардың конструкцияларында су ағып кетуді және артық жүктемені болдырмау мақсатында ғимараттардың жұмсақ шатырын тазалау жұмыстары жүргізілді. Су төгетін жүйелер мен жоғарғы және төменгі қабаттардағы үй-жайлардың жай-күйін ықтимал ағып кетулер мен су басуларға тексеру ұйымдастырылды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық су төгетін жүйелердің жарамды күйде екені анықталды, су басу немесе ағып кету қаупінің белгілері анықталмады.
Су төгетін жүйелердің жұмысына мониторинг күн сайын жүргізіледі, ал комиссиялық тексерулер су тасқынына қарсы кезең аяқталғанға дейін апта сайын жүргізіледі деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта МТҚБ ӘҒД барлық қызмет көрсетілетін объектілері бойынша су басу қаупі жоқ. Барлық іс-шаралар уақтылы орындалады және үнемі бақылауда болады.