«Наурызнама-2026» онкүндігі аясында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Мереке қарсаңында жұмыс кабинеттері ұлттық нақышта безендіріліп, бұл өз кезегінде мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, қызметкерлердің белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Іс-шаралар барысында шығармашылық әлеуетті дамытуға және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамалар жүзеге асырылды. Қызметкерлердің белсенді қатысуына ерекше мән берілді: «құрақ көрпе» стиліндегі көркем туынды әзірленіп, оны қатысушылар бірлесіп толықтырып, бояп, ортақ шығармашылық кеңістікке өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, заманауи цифрлық шешімдерді қолдануға, оның ішінде онлайн құттықтау форматтарына ерекше назар аударылды.
Өткізілген іс-шаралар «Наурызнама-2026» онкүндігінің негізгі қағидаттарына сәйкес келіп, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұлттық дәстүрлер сабақтастығын одан әрі дамытуға ықпал етті.