Басты бет«МТҚБ Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК-ға жаңа директор тағайындалды

«МТҚБ Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК-ға жаңа директор тағайындалды

«МТҚБ Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК-ға жаңа директор тағайындалды «МТҚБ Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК-ға жаңа директор тағайындалды

2026 жылғы 13 ақпанда «МТҚБ Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК директоры болып Ержан Әділханұлы Бекмұратов тағайындалды.

Ержан Әділханұлы еңбек жолын сәулет және қала құрылысы саласында бастаған, дипломатиялық қызметте алты жылдан астам жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап ұлттық компанияларда елеулі басқарушылық тәжірибе жинақтады. 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесінде қызмет атқарды.

Ержан Әділханұлы өзін ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол және салмақты басқарушылық шешімдер қабылдай алатын басшы ретінде көрсетті.

Ағымдағы жылы МТҚБ Автошаруашылығында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және цифрлық жобаларды іске асыру жоспарлануда:

– диспетчерлік жүйені дамыту (udriver);

– ғимараттарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін (BMS) енгізу;

– автошаруашылық аумағындағы көше жарығын жаңғырту;

– әкімшілік ғимарат паркингіндегі автоматты қақпаларды ауыстыру;

– жанармай құю станциясын техникалық тексеру пунктіне қайта жабдықтау. Бұл жобалар Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға, қауіпсіздік деңгейін күшейтуге және басқару үдерістерін цифрландыруға бағытталған.

МТҚБ басшысы С. Бақтияр Ержан Бекмұратовтың жетекшілігімен аталған бастамалар сапалы әрі уақтылы жүзеге асатынына сенім білдіріп, әріптестерді қолдау көрсетуге және бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.