Басты бет«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік к...

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялау

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 12-подъезд, А303-кабинет, анықтама телефоны:
(7172) 74-74-
42.

Кәсіпорнының атауы: «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» ШЖҚ РМК, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Е-128 көшесі, 16А ғимарат. Анықтама телефоны: (7172) 74-65-08.

Кәсіпорнының негізгі қызметі: Қазақстан Республикасы Парламентінің басшылары мен депутаттарына, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ұйымдарының, басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне автокөліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ ресми іс-шараларға, шетелдік делегацияларға, жеке және заңды тұлғаларға көліктік қызмет көрсету.

Конкурс қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
  • техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.

 

Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Өтініш беру мерзімі: 2026 жылғы 29 қаңтардан бастап 6 ақпан аралығында. Құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен әңгімелесу өткізу кестесі тізілімнің веб-порталында, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасынынң және кәсіпорынның интернет-ресурсында орналастырылады.