Басты бет«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.01.2026 - 23.01.2026

Қабылдау 1 этап: 26.01.2026- 28.01.2026

Қабылдау 2 этап: 30.01.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.01.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

04.02.2026

Практикалық бағалау 1 кезең: 07.02.2026

Практикалық бағалау 2 кезең: 08.02.2026

Практикалық бағалау 3 кезең: 09.02.2026

Анықтама телефоны: 74-74-42

C-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391

            (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Депутаттардың, ҚР Парламенті Палаталары мен МТҚБ аппараттарының қызметін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында байланыс, коммуникациялар және ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтердің үйлестірілуін қамтамасыз ету. ҚР Парламенті, МТҚБ және бағынысты кәсіпорындар қызметкерлері тарапынан ақпараттың сыртқа шығуын, ұрлануын, жоғалуын, бұрмалануын және қолдан жасалуын болдырмауды ұйымдастыруды бақылау. МТҚБ мен бағынысты кәсіпорындарда ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметтің үйлестірілуін ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз ету. МТҚБ қызметкерлерінің дербес компьютерлерінде алынбалы ақпарат тасымалдаушыларды бақылауға арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету деректер базасында тіркеуді қамтамасыз ету. Бекітілген тексеру кестесіне сәйкес МТҚБ бағынысты кәсіпорындардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауы мен сақталуын тексеруді қамтамасыз ету. Өкілеттілігі шегінде талдамалық анықтамалар, ақпараттар және өзге де құжаттарды дайындау. МТҚБ мен бағынысты кәсіпорындардың IT-инфрақұрылымын пайдалану, жаңғырту және дамыту жұмыстарының үйлестірілуі мен бақылауын қамтамасыз ету. Жауапты орындаушылармен және мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы серверлік, желілік жабдықтардың, деректерді сақтау жүйелерінің және байланыс құралдарының тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді және лицензияларды техникалық қызмет көрсету, жеткізу және баптау бойынша мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау. IT-инфрақұрылымды дамыту мен пайдалануға байланысты іс-шаралар мен бюджеттерді жоспарлау және келісуге қатысу. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану бойынша белгіленген стандарттар, регламенттер мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. IT-инфрақұрылымның сенімділігін, істен шығуға төзімділігін және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа техникалық шешімдерді енгізуді үйлестіру. Инфрақұрылымды дамыту, оңтайландыру және тиімділігін арттыру бойынша есептер мен ұсыныстарды дайындауды қамтамасыз ету. Ақпараттандыру инфрақұрылымын дамыту және қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Қосымша талаптар:

ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарлама пакетін, электрондық құжатайналым бағдарламаларын білу.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.