Басты бет«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.12.2025-26.12.2025

Қабылдау 1 этап: 29.12.2025

Қабылдау 2 этап: 06.01.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.01.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 10.01.2026

Практикалық бағалау 1 кезең: 14.01.2026

Практикалық бағалау 2 кезең: 15.01.2026

Практикалық бағалау 3 кезең: 16.01.2026

Анықтама телефоны: 74-74-42

C-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 268344

            (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

ҚР Парламентін цифрландыруды дамыту бағдарламаларына сәйкес бағынысты кәсіпорындар жүзеге асыратын жобалардың уақтылы орындалуын бақылауды, сондай-ақ тиісті ақпарат пен талдамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз ету. Цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы инновациялық шешімдер мен идеяларды талдау, бағынысты кәсіпорындардың бастамаларын зерделеу және келісу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. ҚР Парламентін цифрландыруды дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобалар портфелін ҚР Парламенті Палаталарының басшылықтарымен келісу. ҚР Парламентін цифрландыруды дамыту бағдарламалары мен жобалар портфелінің орындалуын бақылауға, оларды оңтайландыру және өзектендіру бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету. ҚР Парламенті, МТҚБ және бағынысты кәсіпорындардың цифрландыруды дамыту жобалары бойынша техникалық тапсырмалар мен техникалық сипаттамаларды әзірлеуге және келісуге қатысу. Ақпараттандыру және цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен хат алмасуды қамтамасыз ету. Келесі жылға арналған Басқарма жұмысының жоспарын әзірлеуге және өткен жылдағы атқарылған жұмыс туралы есепті дайындауға қатысу. Цифрлық жобаларды іске асыру барысын мониторингтеу және талдау, цифрландыру тиімділігін арттыру жөніндегі талдамалық анықтамалар, есептер мен ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету. ҚР Парламенті мен МТҚБ қызметінде жасанды интеллект, деректер аналитикасы және процестерді автоматтандыру технологияларын енгізу және пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіру. Цифрландыру, аналитика және жасанды интеллект жобаларын іске асыру мәселелері бойынша орындаушылармен және мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Цифрландыру және ақпараттықкоммуникациялық технологиялар бағыты бойынша стратегиялық құжаттар, тұжырымдамалар, жол карталары мен есептерді әзірлеуге қатысу. Цифрлық бастамалар бойынша деректерді жинауды және шоғырландыруды қамтамасыз етуге, жобалық іс-шаралардың орындалуын есепке алуға және бақылау. Цифрлық шешімдерді, ақпараттық жүйелер мен сервистерді тестілеу, сынақтық пайдалану және енгізу процесін үйлестіру. Цифрлық жүйелер архитектурасын жетілдіру, мемлекеттік деректер қорларымен және өзге де ақпараттық ресурстармен интеграциялау бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету. Цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелері бойынша Парламент пен МТҚБ басшылығына арналған презентациялар, талдамалық материалдар және есептер дайындауға қатысу.

Қосымша талаптар:

ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарлама пакетін, электрондық құжатайналым бағдарламаларын білу.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.