2025 жылғы 24-26 желтоқсанда МТҚБ Басшысы Серік Бақтиярұлы «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК, «МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК, «МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұжымдарымен кездесулер өткізді. Бұл кездесулер жұмыстың қорытындысын шығаруда, ағымдағы көрсеткіштерді талдауда, проблемалық мәселелерді талқылауда және болашаққа жоспарларды қалыптастыруда маңызды кезең болды. Әрбір кездесу өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіпорындар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
МТҚБ Автошаруашылығы ұжымымен кездесу барысында есепті кезеңдегі кәсіпорын жұмысының негізгі нәтижелері қаралды, автокөлікті пайдалануға және ресурстық қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру жолдары, оның ішінде автокөлікті пайдалануды оңтайландыру және жұмыс процестерін жақсарту мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта қойылған міндеттердің орындалуын бақылауды күшейту және кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.
«МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК ұжымымен кездесудің күн тәртібінде есепті кезеңдегі қызметтің қорытындылары шығарылып, Парламент пен ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметін цифрландыру жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Жаңа бастамалар мен жобаларды қоса алғанда, даму процесі мен алдағы жылға арналған жоспарларға ерекше назар аударылды. Инженерлік орталық ұжымымен қорытынды кездесу тапсырмаларды сәтті орындауға және негізгі жобаларды іске асыруға баса назар аудара отырып, оң нәтижемен аяқталды. Ұжым белсенді дамуын жалғастыруда және МТҚБ басшылығы келесі есепті кезеңде барлық қызметкерлер тарапынан бақылау мен бастамашылықты күшейте отырып, қойылған міндеттерді одан әрі табысты орындауға үміттенеді.
РГП «МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ұжымымен өткен кездесуде маңызды тақырыптар ретінде объектілерді пайдалану және күтім жасау, сондай-ақ келесі жылға арналған басым міндеттерді анықтау қарастырылды. Инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету МТҚБ мен оған ведомстволық бағыныысты кәсіпорындардың табысты жұмысы үшін өте маңызды екендігі ерекше атап өтілді.
2025 жылы МТҚБ ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұжымдарымен өткен қорытынды кездесулер өзара әрекеттесу мен жетістіктер мен мәселелерді ашық талқылаудың маңыздылығын көрсетті. Барлық кездесулердің нәтижесінде жұмыс барысында оң қорытындылар шығарылып, алдағы даму мен жұмыс процестерін жақсарту үшін негізгі бағыттар айқындалды. МТҚБ басшылығы ұжымдардың болашақта да тиімді жұмыс істей беретіндігіне және алдағы есептік кезеңде ұйымның жұмысын одан әрі жақсартуға бағытталатындығына сенім білдірді.