Басты бетЕуразиялық форум: реформалар мен жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы парламентаризм

Еуразиялық форум: реформалар мен жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы парламентаризм

Еуразиялық форум: реформалар мен жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы парламентаризм Еуразиялық форум: реформалар мен жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы парламентаризм Еуразиялық форум: реформалар мен жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы парламентаризм Еуразиялық форум: реформалар мен жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы парламентаризм Еуразиялық форум: реформалар мен жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы парламентаризм

2025 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қабырғасында Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына орай Еуразиялық форум өтті. Іс-шара Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Ресей мен Беларусьтен келген жетекші сарапшыларды біріктірді. Форумның негізгі тақырыбы парламентаризмнің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылау болды – «Парламентаризм: құқықтық негізі, даму жолы және болашаққа көзқарас».

Форумды ашқан Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан жария билік жүйесінің трансформациясы, демократиялық институттардың нығаюы және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігіне деген қоғамдық сұраныстың артуы жағдайында парламенттердің рөлі өсіп келе жатқанын атап өтті. Форумның маңызды міндеттерінің бірі өзгеріп жатқан саяси-құқықтық шындық жағдайында парламентаризмнің болашағына қатысты тұтас көзқарас қалыптастыру болды.

Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов және Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов құттықтау сөз сөйледі. Форум аясында Парламент басшылығы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің құттықтау және алғыс хаттары оқылып, онда Парламентаризм институтының заң шығару қызметін дамыту мен реформаларды сараптамалық сүйемелдеудегі маңызды рөлі атап өтілді.

Форум жұмысы үш негізгі бағытқа арналды: Парламент қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері, реформалар жағдайындағы парламенттік институттардың эволюциясы, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлерді, цифрландыруды және қоғамның басқаруға қатысуының кеңеюін ескере отырып, парламентаризмді дамытудың келешегі.

Бағдарламалық баяндамалар мен сараптамалық пікірлермен Конституциялық Соттың, Әділет министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Тәжікстанның ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі. Баяндамаларда парламенттік реформалар, парламентаралық ынтымақтастық, гендерлік теңгерім, парламенттік бақылау және билік тармақтарының бөлінуі мәселелері қозғалды.

Форумға қатысушылар бес жыл ішінде Парламентаризм институтының мемлекеттік реформаларға практикалық үлес қосатын беделді сараптамалық-талдамалық платформа ретінде қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ Институттың конституциялық өзгерістерді дайындауға және парламенттік рәсімдерді жаңғыртуға, заң шығару процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған парламенттік реформа бойынша жұмысқа қатысуы ерекше аталды.