Басты бетҚарапайым қызметтен кәсіби биікке дейін

Қарапайым қызметтен кәсіби биікке дейін

Қарапайым қызметтен кәсіби биікке дейін

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету ұжымы бас бухгалтері Ардақ Нариманқызын «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталуымен құттықтады. Ол 26 жылдан астам уақыт бір салада еңбек етіп, таңдаған кәсібіне адалдық танытып келе жатқан маман.

Ардак ханымның кәсіби жолы ең қарапайым қызметтен басталды. 1999 жылы ол Парламенттің Шаруашылық басқармасы жүйесіне техник-кассир болып жұмысқа кірді. Табандылығы, еңбексүйгіштігі және мамандығына деген шынайы қызығушылығының арқасында ол маманнан бастап бүхгалтерлік есеп және есептілік басқармасы басшысына дейін өсті.

Бұл жылдар – үздіксіз өсу, жауапты міндеттер, үлкен еңбек пен адалдықтың жолы.

Әріптестері Ардак Нариманқызын еңбекқор, ашық мінезді, қолдауға дайын және ұқыптылығымен ерекшеленетін маман ретінде таниды. Қиын сәттерде де сабыр сақтап, өз жұмысын мінсіз атқара алатын сенімді маман ретінде бәріне үлгі.

«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі – оның көп жылдық адал еңбегінің, кәсібіне деген беріктігінің жоғары бағасы.

МТҚБ ұжымы Ардак Нариманқызын осы жоғары марапатымен ресми түрде құттықтап, басқармада бухгалтерлік есепті дамыту мен қаржылық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді.