Басты бетМТҚБ өкілдері «Үздік цифрландырушы» төс белгісін алды

МТҚБ өкілдері «Үздік цифрландырушы» төс белгісін алды

МТҚБ өкілдері «Үздік цифрландырушы» төс белгісін алды МТҚБ өкілдері «Үздік цифрландырушы» төс белгісін алды МТҚБ өкілдері «Үздік цифрландырушы» төс белгісін алды

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы (МТҚБ) Парламент Палаталарының қызметінде заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады.

2025 жылғы 10 қараша күні, Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай МТҚБ Басшысы С.Бақтияр «Үздік цифрландырушы» төсбелгілерін МТҚБ Басшысының орынбасары Сергей Евгеньевич Компаниецке және «МТҚБ Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК директоры Манат Серікұлы Ыскаковқа табыс етті.

«Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, алға қойылған міндеттерді орындау кезінде бастамашылық, адалдық және жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсеткен цифрландыру саласындағы мамандар марапатталады.

Іс-шара барысында МТҚБ Басшысы цифрлық технологиялар саласы қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, цифрландырудың мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Ол марапатталғандарға кәсібилігі, іске жауапкершілікпен қарауы және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қосқан көпжылдық үлесі үшін алғысын білдірді.