Басты бетҚазақстан Республикасы күні мерекесі: үздік қызметкерлерді марапаттау

Қазақстан Республикасы күні мерекесі: үздік қызметкерлерді марапаттау

Қазақстан Республикасы күні мерекесі: үздік қызметкерлерді марапаттау Қазақстан Республикасы күні мерекесі: үздік қызметкерлерді марапаттау Қазақстан Республикасы күні мерекесі: үздік қызметкерлерді марапаттау Қазақстан Республикасы күні мерекесі: үздік қызметкерлерді марапаттау Қазақстан Республикасы күні мерекесі: үздік қызметкерлерді марапаттау

МТҚБ Басшысы С.Бақтияр ұжымды Қазақстан Республикасының маңызды ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ол Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалады. Бұл күн еліміздің дербес дамуының, мемлекеттік тұтастығы мен ұлттық бірлігінің бастауын білдіреді. Республика күні – халықтың еркіндікке ұмтылысын, ұлттық сананы нығайту мен ел болашағы үшін жауапкершілікті айқындайтын мереке.

Салтанатты іс-шара аясында мекеме жұмысының тиімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін МТҚБ үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы М.С. Әшімбаевтың алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасы Е. Ж. Қошановтың және Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысы Р. Қ. Айтаевтың, МТҚБ Басшысы С. Бақтиярдың алғыс хаттары табыс етілді.

Кездесу соңында Серік Бақтиярұлы әріптестеріне ризашылығын білдіріп, баршаға зор денсаулық, отбасылық амандық және Отанымыздың өркендеуін тіледі