


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында МТҚБ ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының жұмыскерлері жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – экология мәселелеріне назар аудару және қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін қалыптастыру. Жұмыскерлер МТҚБ қарамағындағы жатақханалар мен объектілердің аумақтарын тазалап, қаланы абаттандыруға үлес қосты.
Тазалық пен тәртіп – жоғары өмір сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі, ал тазалықты сақтау – әрбір азаматтың борышы. Біздің аулаларымыз, көшелеріміз, саябақтарымыз бен гүлзарларымыз қандай жағдайда болатынына байланысты. Ағаштарды отырғызу арқылы біз қаланың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, өмір сүру үшін жайлы және салауатты жағдай жасаймыз.
МТҚБ болашақ ұрпақ үшін өмір сүру сапасын жақсартуға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған экологиялық бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.