Басты бет«Қарызсыз қоғам» жобасы қарқын алуда

«Қарызсыз қоғам» жобасы қарқын алуда

«Қарызсыз қоғам» жобасы қарқын алуда «Қарызсыз қоғам» жобасы қарқын алуда «Қарызсыз қоғам» жобасы қарқын алуда

2025 жылғы 8-10 қазанда «Қарызсыз қоғам» халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жобасын іске асыру мақсатында «Аманат» партиясының өкілдері МТҚБ және ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының басшылығымен бірлесіп, Әкішілік ғимараттар дирекциясы, Инженерлік орталығы, Парламентаризм институты және МТҚБ Автошаруашылығы жұмыскерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

«Жоба үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда және халықтың шамадан тыс несиеленуіне қарсы күрес жөніндегі жаңа мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігіне айналды. Бастама жеке қаржыны сауатты басқарудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға, жинақ мәдениетін және бюджетті жауапты жоспарлауды дамытуға бағытталған» – деп, кіріспе сөзінде Астана қаласы бойынша «Аманат» партиясының «Бірлік» аудандық филиалының басшысы Е.С.Серкебаев атап өтті.

Іс-шаралар шеңберінде қаржы сарапшысы, Астана қаласы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Д.Т. Мыңбаев оқыту семинарын өткізді, онда біздің әріптестеріміз жеке және отбасылық бюджетті сауатты құруды; кірістер мен шығыстарды тиімді басқаруды; жинақ депозиттерінің көмегімен «қауіпсіздік жастығын» қалыптастыруды; зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық қорларға инвестициялауды және т. б. үйренді. Спикер халықты несиелендіру мәселесін талқылауға ерекше назар аударды.

МТҚБ басшылығы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру экономикалық орнықты және әлеуметтік жауапты қоғамды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Мұндай бастамалар өздерінің практикалық құндылығына ие және әр қатысушының жеке әл-ауқатына ғана емес, сонымен бірге бүкіл еліміздің дамуына ықпал етеді.