



Еңбек күні қарсаңында, жарияланған Жұмыс кәсіптері жылы шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы М.А. Споткай МТҚБ ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
2013 жылы құрылған және жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні барлық мамандықтағы қазақстандықтардың еңбегіне құрметпен қарауды білдіреді. Биыл ол ерекше өткізілуде, себебі – 2025 жыл жұмысшы мамандықтарына арналған, бұл қазіргі Қазақстандағы техникалық және қолданбалы буын мамандарының маңыздылығы мен сұранысын көрсетеді. Бұл бастаманың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, сондай-ақ өзекті кадрлық міндеттерді шешу. Бұл елдің тұрақты экономикалық дамуына жасалған маңызды қадам.
Мереке қарсаңында «Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК (А.Ч. Жандауов, А.П.Рахимова, Е.К.Нұрлашов, Б.С.Жанғұров, О.Т. Бұхарбаев, С.К. Тасболат, Т.С. Арын, К.А. Канаева, А.К. Житваева, Я.К.Темірболатов), «Автошаруашылығы» РМК (Ж.С. Тасыбеков, Ю.М.Воронецкий, Г.Н. Оспанова, Т.Е. Ақтай, Ю.Л. Елисеев), «МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК (С.А. Дербісалиева, Б.А. Сағнаев, Б.Е.Сүлейменова, Г.А.Елемесова, Ж.М.Нукишев) жұмыскерлеріне-мемлекет игілігі үшін адал еңбекшілерге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың атынан «Құрмет» грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Марапатталғандардың қатарында күнделікті еңбегі мемлекеттік объектілердің тұрақты және үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін –жүргізушілер, слесарлар, аспаздар, тазалаушылар, жуу қондырғыларының машинистері, тиегіштер, электромеханиктер, электромонтерлер және басқа да жұмысшы мамандықтарының өкілдері бар.
Жұмыскерлерді құттықтай отырып, Парламент Сенаты Аппаратының басшысы М.А. Споткай жұмысшыларға жоғары кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін терең ризашылығын білдірді. Мұндай жұмыскерлер мемлекеттік қызметтің тірегі және жас ұрпақ үшін лайықты үлгісі.