Басты бетМТҚБ Автошаруашылығы табиғи газға көшті: үнемді және экологиялық таза

МТҚБ Автошаруашылығы табиғи газға көшті: үнемді және экологиялық таза

МТҚБ Автошаруашылығы табиғи газға көшті: үнемді және экологиялық таза МТҚБ Автошаруашылығы табиғи газға көшті: үнемді және экологиялық таза МТҚБ Автошаруашылығы табиғи газға көшті: үнемді және экологиялық таза МТҚБ Автошаруашылығы табиғи газға көшті: үнемді және экологиялық таза

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Автошаруашылығы ғимараттары кешенінің жылу жүйесін дизель отынынан неғұрлым үнемді табиғи газға көшіру бойынша ауқымды жобаның аяқталғанын хабарлайды

Қазіргі уақытта Автошаруашылық ғимараттарының кешеніне әкімшілік ғимарат, паркинг, автобус боксы және жатақхана кіреді. Оларды табиғи газға көшіру – МТҚБ бюджетін оңтайландырудағы негізгі қадам болып табылады. Бұл жобаны іске асыру жылдық жылу шығындарын 70%-дан аса қысқартуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 24 қыркүйекте пайдалануға берілген жаңа қазандық табиғи газда жұмыс істейтін оттықтармен жабдықталған. Бұл көшу процесін едәуір жеңілдетті, өйткені негізгі жылу қондырғылары жаңа отынмен жұмыс істеуге дайын болған.

Қаржылық тиімділіктен бөлек, Автошаруашылықты газдандыру – экологияны жақсартуға бағытталған қадам. Қазандықты дизель отынынан табиғи газға ауыстыру атмосфераға түсетін ауыртпалықты азайтады.

МТҚБ ағымдағы жылу маусымында бюджет қаражатын орасан зор үнемдеуді бастау үшін жобаны барынша жедел аяқтауды мақсат етті