



Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінде ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарында қызметкерлердің балаларына арналған жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аяқталды.
«МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК ұжымы биылғы жылы бірінші сыныпқа баратын 37 балаға мерекелік іс-шаралар, оның ішінде: ойындар мен сайыстар, балалар ән айтып, тақпақ айтудан өз өнерлерін көрсеткен импровизациялық концерт, шай ішу ұйымдастырды. Мереке болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп сөмкесі мен жылы лебіздер жазылған ашықхаттарды табыс етумен аяқталды.
1 қыркүйек қарсаңында «МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК-да да қызметкерлердің балаларына оқу құралдары салынған рюкзактарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Оларды 7 болашақ бірінші сынып оқушылары қабылдады. Алғаш рет бірінші сыныпқа барғалы отырған 19 бүлдіршіндерді «МТҚБ автошаруашылығ» РМК ұжымы да құттықтады.
Парламентаризм институты көп балалы отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсетті. 11 оқушыны қолдауға қаржылай көмек көрсетілді.