



ҚР Президентінің Іс Басқармасы жүйесінің ведомстволық қарасты кәсіпорындарының дәстүрлі спартакиадасы шеңберінде шағын футболдан өткен турнирде «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ командасы «күміс» жүлдеге ие болды.
Сонымен бірге төрешілер жекелеген ойыншылардың шеберлігін атап өтіп, марапаттады. Атап айтқанда, турнирдің үздік бомбардирі болып МТҚБ ресми іс-шаралар басқармасының басшысы Махамбет Сағитов, ал басқарманың бас сарапшысы Сайын Қойшыбаев үздік қорғаушы атанды.
Жалпы турнир Кубогы үшін 14 команда бақ сынады. Финалда біздің ойыншыларға аздаған сәттілік жетіспей, табанды тартыста жеңісті Әкімшілік ғимараттар дирекциясы командасы иеленді.
Салауатты өмір салтын насихаттауға және Іс басқармасы жүйесі қызметкерлерінің корпоративтік рухын нығайтуға бағытталған спартакиада жыл соңына дейін жалғасады.