Басты бетҚұрылысшылар күніне МТҚБ жүйесінің мамандары наградалар мен мадақтамалар алды

Құрылысшылар күніне МТҚБ жүйесінің мамандары наградалар мен мадақтамалар алды

Құрылысшылар күніне МТҚБ жүйесінің мамандары наградалар мен мадақтамалар алды Құрылысшылар күніне МТҚБ жүйесінің мамандары наградалар мен мадақтамалар алды Құрылысшылар күніне МТҚБ жүйесінің мамандары наградалар мен мадақтамалар алды Құрылысшылар күніне МТҚБ жүйесінің мамандары наградалар мен мадақтамалар алды

Құрылысшылар күні – кәсіби мереке қарсаңында Іс басқармасы құрылымында ерекше көзге түскен жұмыскерлерді құрметтеу шеруі өтті.

Марапаттарға «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ жүйесінің мамандары да ие болды. Осылайша «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары Нұрболат Ертастың және МТҚБ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы Аяш Тоқсанованың еңбектері еленіп, ҚР Президенті Іс басқарушысының Алғысымен марапатталды. Наградаларды Іс басқарушының орынбасары Сергей Хорошун табыстады.

Көпжылдық жемісті еңбегі үшін «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК өндірісітік-техникалық бөлімінің бастығы Мирас Дюсеновке Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісін Кәсіпорын директоры өз қолымен табыс етті.

«МТҚБ ӘҒД» РМК директоры Айдар Қонқаев Әкімшілік ғимараттар дирекциясының Жөндеу-құрылыс қызметінің үздік 5 қызметкеріне МТҚБ басшылығының Алғыс хаттарын және өз атынан 8 Алғыс хат табыс етті.

Әріптестері ізгі құттықтауларын жаудыра отырып, оларға еңбекте толағай табыс тіледі!