

Парламент депутаттарының жазғы демалысы – МТҚБ мамандары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ең қызу кезең. Дәл осы уақытта қысқы маусымға дайындық, сондай-ақ техникалық тексеру барысында анықталған қажетті жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Осылайша, МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясы Сенат мәжіліс залын жөндеді, депутаттар болмаған уақытта Мәжіліс қоғамдық қабылдау бөлмесін қайта жаңартып, «Д» блогының екінші қабатындағы холлды Парламент мұражайы ретінде қайта жоспарлады. Сенаттың үшінші қабатындағы холлға, орталық кіреберіс тобына, 76 кабинет пен 13 қызметтік пәтерге жөндеу жұмыстары, екінші және 14-ші қабаттардағы шатырларды ішінара ауыстыру жүргізілді.
Сонымен қатар, ӘҒД қызметкерлері қызмет көрсетілетін ғимараттардың барлық инженерлік жүйелерін – жылыту, желдету, ауаны баптау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, лифттерді сынақтан өткізіп, қысқы жағдайларда үздіксіз жұмыс істеуге дайындады. Бейнебақылау жүйесіне жаңарту жүргізілді.
«Қызмет көрсетілетін объектілердегі барлық жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді. Ұжым жаңа парламенттік сессия жұмысын бастауға дайын», - деді «МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК директоры Айдар Қонқаев.
«МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК директоры Манат Ысқақов мәжіліс залдарында дауыс беру, аудио, бейнежүйелер, дыбысты күшейту жүйелерінің, сондай-ақ ҚР Парламентінің ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің дайындығы туралы айтып берді. Парламенттік сессияның басталуына дайындық және күзгі-қысқы маусымда жұмысқа дайындық бойынша өткізілген іс-шаралар туралы «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК директоры Марат Сұлтанғалиев баяндады.
Парламентаризм Институтының директоры Наталья Пан Парламент палаталарының аппараттарымен заңнамалық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл нәтижелері мен жоспарлары туралы хабардар етті.
МТҚБ басшысы Серік Бақтияр кәсіпорындардың есептерін тыңдап, жаңа тапсырмалар беріп, алдағы парламенттік сессияға басымдықтар мен мақсаттарды айқындады.