Басты бетМТҚБ жүйесінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту өтті

МТҚБ жүйесінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту өтті

МТҚБ жүйесінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту өтті МТҚБ жүйесінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту өтті МТҚБ жүйесінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту өтті МТҚБ жүйесінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту өтті МТҚБ жүйесінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту өтті МТҚБ жүйесінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту өтті

Ақпараттық қауіпсіздік пен алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған оқыту семинары 25 шілде күні «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ ұжымы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының қатысуымен өтті.

Семинарды ашқан МТҚБ басшысының орынбасары Сергей Компаниец киберқауіпсіздік тақырыбының өсіп келе жатқан өзектілігін атап өтіп, ұжым алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталды, Кәсіпорын қызметкерлерінің өз қызметінде кездесетін өзекті мәселелері туралы, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Ақпараттық қауіпсіздік саласының маманы, ақпараттық жүйелерді қорғау қызметін көрсететін MSSP компаниясының сарапшысы Медет Турин «Мемлекеттік қызметшілердің кибертұрақтылығы» тақырыбында баяндама жасады. Ол киберқауіптерді тану мен алдын алу жолдары, оларға тиімді әрекет ету әдістері және жеке цифрлық кибергигиена негіздері туралы айтты.

ІІМ Киберқылмыспен күрес департаменті басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бейбіт Біржанов интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері, алаяқтардың жеке деректерге әлеуметтік инженерия, фишинг, жалған сайттар мен мемлекеттік органдар немесе банктер атынан қоңырау шалу арқылы қалай қол жеткізетіні, сондай-ақ адамдар қандай алаяқтыққа тап болатыны туралы хабардар етті. Сонымен қатар азаматтар жиі ұшырайтын алаяқтық түрлері, тіркелген оқиғалар статистикасы, халықты қорғау үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар мен Үкімет пен Парламент қарауындағы заңнамалық бастамалар туралы айта өтті.

Спикерлердің сөздері нақты мысалдармен, нақты жағдайлардан алынған кейстермен толықтырылып, тыңдаушылар үшін оқу үдерісін барынша түсінікті етті.

Семинарға қатысушылар ұйымдастырушылар мен дәріскерлерге қызықты әрі пайдалы семинар үшін алғыс білдіріп, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұру жөнінде өтініш білдірді.