Басты бетМТҚБ делегациясы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына жұмыс сапарына қатысты

МТҚБ делегациясы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына жұмыс сапарына қатысты

МТҚБ делегациясы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына жұмыс сапарына қатысты МТҚБ делегациясы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына жұмыс сапарына қатысты МТҚБ делегациясы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына жұмыс сапарына қатысты МТҚБ делегациясы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына жұмыс сапарына қатысты

2025 жылғы 1–5 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының делегациясы ресейлік әріптестердің шақыруы бойынша ұйымдастырылған ресми іссапар аясында Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасына барды.

Делегация құрамында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Серік Бақтияр және басқа да лауазымды тұлғалар болды. Делегацияға Мәжіліс Аппаратының Басшысы Ренат Айтаев жетекшілік етті.

Кездесу барысында Ренат Айтаев шақырту үшін ризашылығын білдіріп, былай деді:

«Біз Мемлекеттік Думамен қалыптасқан достық қатынастарымызды жоғары бағалаймыз. Біздің төрағаларымыз, депутаттарымыз, комитеттеріміз және фракцияларымыз тығыз байланыста жұмыс істеп келеді».

Өз кезегінде Мемлекеттік Дума Аппаратының Басшысы Игорь Дивейкин былай деді:

«Сіз бен біздің ортақ мақсатымыз – парламенттердің қызметі Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастардың жоғары деңгейіне сай болуын тиімді қамтамасыз ету».

Сапар барысында Мемлекеттік Дума Аппаратының өкілдерімен кездесулер өтіп, әкімшілік, техникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар парламенттік үдерісті қамтамасыз ету, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау, заң шығару қызметі саласындағы тәжірибелерімен алмасты.

Жеке бағдарлама аясында делегация мүшелері Мемлекеттік Дума Парламенттік кітапханасының жұмысымен танысты. Онда цифрлық және анықтамалық-талдамалық ресурстар, заңнамалық бастамалардың мұрағаттары және депутаттық корпустың жұмысын қолдайтын ақпараттық жүйелер ұсынылды.

Жұмыс сапары мазмұнды және нәтижелі болды. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы парламенттік ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетті. Тараптардың өкілдері заң шығару қызметін ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында ынтымақтастықты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.