Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-4 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа жалақысы, тг.:
C-4 - 268344
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, 010000, г.Астана, левый берег, пр. Мәңгілік Ел, 8, Дом министерств, 12 подъезд, 3 этаж каб. А314, пошта мекенжайы: 010000, г.Астана, левый берег, пр. Мәңгілік Ел, 8, Дом министерств, 12 подъезд, анықтама телефоны: 8(7172) 74-74-60, факс: 8(7172) 74-74-27, e-mail: a.omarova@umto.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Ведомстволық қарасты кәсіпорындар кескінінде олардың банк шоттарындағы ақшалардың болуы туралы ай сайынғы есепті жасау. МТҚБ мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар теңгеріміндегі ақша қаражаттарына, тауар-материалдық қорларға түгендеу жүргізуге қатысу. МТҚБ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттарын аумақтық қазынашылық органда тіркелуін жүзеге асырады. Төлем бойынша шарт талаптарын орындауды жүзеге асыру. Бағдарламалар бойынша шығыстарды төлеуге төлем құжаттарын дайындайды. Басқарма құзыретіне кіретін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу мерзімі мен сапасын бақылауды жүзеге асырады. МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржылық есептерін тексеруді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.
Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
3) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;
4) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
5) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.