

Ерекше көзге түскен қызметкерлерді кәсіби наградалармен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі бүгін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ-де өтті.
МТҚБ басшысы Серік Бақтияр әріптестерін еңбектерінің жоғары бағалануымен құттықтап, мінсіз еңбектері үшін алғыс білдіріп, марапаттар табыстады.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай, МТҚБ Инженерлік орталығының бейнеоператоры Қазбек Манбаев «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. ҚР Президенті Іс Басқарушысының алғыс хаты МТҚБ Инженерлік орталығы Сенаттың медиа қызметі секторының меңгерушісі Нұрсұлтан Байбулинге табысталды.
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының 14-ші пленарлық отырысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге белсенді қатысқаны үшін, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов МТҚБ-ның ресми іс-шаралар басқармасы қызметкерлеріне алғыс хаттар жолдады.
ҚР Сенатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді үлгілі орындағаны үшін МТҚБ-ның бірқатар мамандарына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы мен Сенат Аппараты басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.