Басты бетМТҚБ Инженерлік орталығында «ДауысID» қосымшасы әзірленді

МТҚБ Инженерлік орталығында «ДауысID» қосымшасы әзірленді

МТҚБ Инженерлік орталығында «ДауысID» қосымшасы әзірленді МТҚБ Инженерлік орталығында «ДауысID» қосымшасы әзірленді

Сөйлеп тұрған адамды дауыс арқылы тануға мүмкіндік беретін бірегей «ДауысID» қосымшасын МТҚБ Инженерлік орталығының мамандары әзірледі. Бұл бағдарламалық өнім Қазақстан Парламентінің стенографшылары сұранысына жауап ретінде жасалып, олардың жоғары бағасын алды.

ДауысID қосымшасының пилоттық нұсқасы наурыз айында іске қосылды, ал жақында ол толыққанды пайдалануға енгізілді.

Қосымшаның идея авторы және негізгі әзірлеушісі Руслан Жапашев бұл қосымшаның пайда болу себебі мен жұмыс істеу принциптері туралы айтып берді:

– Стенографшыларылар бірнеше адамнан құралған топпен жұмыс істейді және дыбыс материалын 5 минуттық үзінділерге «кесілген» түрде алады. Осындай мәтінге айналдырылған үзінділерден отырыстың толық стенограммасы құрастырылады. Әдетте, баяндамашы сөзінің басында өзін таныстырады, алайда бесінші немесе алтыншы үзіндімен жұмыс істейтін стенографшы сөйлеп тұрған адамның кім екенін әрдайым дауысы арқылы анықтай алмайды. Әсіресе, бірнеше спикер кезекпен сөйлесе, бұл қиындық тудырады. ДауысID енгізілгенге дейін дауыс арқылы тану процесі кейде бір сағатқа дейін уақыт алып, басқа стенографшылардың қатысуын талап ететін. Бұл оларды өз жұмысынан алаңдататын.

Қазір стенографшы тек «Тану» батырмасын басса болды, қосымша жасанды интеллектті пайдалана отырып, 10 секунд ішінде сөйлеп тұрған адамның фотосын және толық аты-жөнін шығарып береді.

ДауысID қосымшасын пайдалану стенографиялық қызметтің аудиофайлдағы дыбыс деңгейімен жұмысын да едәуір жеңілдетті: жасанды интеллект автоматты түрде дауыстың деңгейін күшейтеді және стенографшы үшін ыңғайлы етіп дыбыс деңгейін теңестіреді. Тіпті, баяндамашылар микрофон қолданбаған жағдайда да.

Бұл ретте қосымшаны әзірлеу және жабдықты сатып алу үшін Инженерлік орталыққа қосымша қаржылық шығындар қажет болмады, бар ресурстармен орындалды.

Айтпақшы, қосымшаның негізгі әзірлеушісі Руслан Жапашевті рационализатор деп атауға болады. Білімі бойынша бағдарламашы, ол 20 жылдан астам уақыт МТҚБ Инженерлік орталығы конгресс-жүйелер қызметінің дыбыс жазу секторының меңгерушісі болып жұмыс істеп келеді, халық қалаулылары микрофондарының дұрыстығын және ҚР Парламенті отырыстарының аудиожазбасының мінсіз болуын қадағалайды. Ол 3 жыл бұрын стенографиялық қызметтегі әріптестеріне проблемалық мәселелерін шешуге көмектесу туралы шешім қабылдаған кезде бағдарламашылық дағдыларын жаңартқан болатын. Сонымен қатар, жасанды интеллект саласындағы білімін де жетілдірді. 

- Мен қарапайым, түсінікті және сұранысқа ие өнімді жасағанымызға қуаныштымын.   Мамандар ДауысID қосымшасын қуана пайдаланады және алғыс білдіреді. Бұл мені адамдарға пайдалы бағдарламалар жазу жөніндегі бала кезгі арманыммен қайта қауыштырды," - деп мойындады Руслан.