Басты бетЖеңісті жақындатқан ардагерлерге құрмет көрсетті

Жеңісті жақындатқан ардагерлерге құрмет көрсетті

Жеңісті жақындатқан ардагерлерге құрмет көрсетті Жеңісті жақындатқан ардагерлерге құрмет көрсетті Жеңісті жақындатқан ардагерлерге құрмет көрсетті Жеңісті жақындатқан ардагерлерге құрмет көрсетті

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ұжымы Астана мен Алматыда тұратын соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында МТҚБ Инженерлік орталығы ардагерлерге құрмет көрсету акциясын бастады. 2 мамырда кәсіпорын өкілдері МТҚБ басшысының орынбасары Сергей Компаниецтің жетекшілігімен 99 жастағы соғыс ардагері Василий Антонович Сердюковтің үйіне барып, арнайы құттықтады.

5 мамырда тыл еңбеккері Құрманбек Шоқанбаевтың шаңырағына  келіп, дәл сол күні 95 жасқа толған ардагердің қуанышына ортақтасты . Парламентаризм институтының делегациясы МТҚБ басшысының орынбасары Әлинур Болатұлымен бірге ардагерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен және өзінің мерейтойымен құттықтады.

Алматылықтар - соғыс ардагері Егор Степанович Долидудқа (98 жаста) және тыл еңбеккері Айымкүл Анаятоваға (93 жаста) МТҚБ әкімшілік ғимараттар дирекциясы ұжымының құттықтаулары мен алғыстарын кәсіпорын өкілдері 6 мамырда гүлдермен және тортпен бірге берді.

Олардың әрқайсысының өмірі - батылдықтың, табандылықтың және Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі. Барлық батырларға сый-сияпат жасалып, МТҚБ басшысы Серік Бақтиярдың атынан құттықтау хаттар табысталды.

Жасы ұлғайғанына қарамастан, ардагерлер әлі де тың, санасы сергек. Қонақтарды қуана қарсы алып, алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.