Басты бет«Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз

«Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз

«Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз «Таза Қазақстан»: біз тұратын қаланы абаттандырамыз

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының ұжымы 26 сәуірде қарасты ғимараттар мен оларға іргелес аумақты абаттандыру мақсатында сенбілікке шықты.

МТҚБ Автошаруашылығының қызметкерлері кәсіпорынның ішкі ауласын абаттандырды, гүлзарлар мен 15 ағаш отырғызды, сондай-ақ кәсіпорынның айналасын тәртіпке келтірді.  Парламентаризм институтының қызметкерлері «Нұрсая 2» тұрғын үй кешенінің ауласында жұмыс істеп, өткен жылғы жапырақтарды жинап, гүлзарларды қопсытып, ағаштарды және тротуар жиектерін әктеді.

МТҚБ Инженерлік орталығының ұжымы екі учаскеде жұмыс істеді: Қонаев көшесі, 14 және Момышұлы даңғылы, 6/2. Қызметкерлер қоқыс жинап, аула ішін сыпырып, ағаштарды суару үшін шұңқырлар қазып, діңдерін әктеді.

МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясының қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының қызмет көрсетілетін ғимараттарына: витраждарды, әкімшілік ғимараттардың терезелері мен есіктерін, сыртқы желдету торларын жуды; металл қоршауларды, люктерді, бағандарды, қоқыс жәшіктерін, жылу қазандығы мен чиллердің қақпаларын, бордюрлерді бояды; ғимараттардың төменгі қасбеттік бөлігінің құлаған және сынған тақтайшаларын және кіреберіс тұғырындағы баспалдақтарын ауыстырды.

«МТҚБ» ММ орталық кеңсесінің ұжымы Парламент ғимаратына іргелес жатқан сквердің аумағын ретке келтірді.

Сенбілікке ҚР ПІБ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ жүйесінде жұмыс істейтін мыңға жуық адам қатысты.