Басты бетЕрнар Мәулетханов МТҚБ Автошаруашылығы директорының орынбасары болып тағайындалды

Ернар Мәулетханов МТҚБ Автошаруашылығы директорының орынбасары болып тағайындалды

Ернар Мәулетханов МТҚБ Автошаруашылығы директорының орынбасары болып тағайындалды

Ернар Манатұлы Мәулетханов ҚР ПІБ МТҚБ басшысының бұйрығымен «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Автошаруашылығы» РМК директорының орынбасары болып тағайындалды. 

МТҚБ басшысының орынбасары Нұрболат Ертас директордың жаңа орынбасарын ұжымға таныстырып, табыс тілеп, жұмыста ерекше назар аударуды талап ететін өндірістік міндеттерді белгіледі.

Ернар Мәулетханов 1982 жылы 11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген.

2006 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Өскемен қаласы «Гордорстрой» МКК өндірістік-техникалық бөлімінің инженері болып бастаған. Көліктік қамтамасыз ету саласында және құрылыс саласында елеулі жұмыс тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көлік жолдары және қатынастар комитеті» РММ инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы, «Техно Транспорт» ЖШС-нің директоры, «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарған.