Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8(7172)747451, e-mail: a.omarova@umto.gov.kz (файлдардың рұқсат етілген көлемі – 10 MB), «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
Заң басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
Заңнаманың тиімділігін талдауды (нормативтік құқықтық актілерді талдау) қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында парламентаризмді дамытуға және тиімділігін арттыруға қатысады, МТҚБ «Парламентаризм институты» РМК қызметін үйлестіру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу. Тұрғын үй заңнамасы шеңберінде құқықтық қамтамасыз ету (тұрғын үй комиссиясының жұмысын және іс жүргізуді ұйымдастыру) арқылы Парламент палаталарының депутаттары мен қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттiк органдарда, соттарда және өзге де ұйымдарда заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қызметiн материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша МТҚБ мүдделерiн бiлдiредi. Бұйрықтардың, ішкі құжаттардың, шарттардың, оның ішінде халықаралық және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың, оның ішінде Парламент қызметін қамтамасыз етуге байланысты жобаларды дайындауға, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар мен түсіндірулер жүргізуге қатысады. МТҚБ-да дайындалған бұйрықтардың, ішкі құжаттардың, шарттардың, оның ішінде халықаралық және басқа да құқықтық құжаттардың жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексереді. МТҚБ-ның кінәрат-талап қою жұмыстарын жүргізеді, азаматтық-құқықтық даулар бойынша талап қою және қарау жұмыстарының жай-күйін және сот тәжірибесін талдайды, шағымдарды және азаматтық дауларды қарау кезінде МТҚБ ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының қызметіндегі анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар береді. МТҚБ ішкі нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық сараптама жүргізеді, құқықтық құжаттарды ресімдеудің құқықтық әдістерін тексереді. МТҚБ-ның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізеді, іс жүзінде күшін жойған бұйрықтарды және басқа да ішкі актілерді өзгерту немесе жою бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру мәселелері бойынша, ведомстволық бағынысты МТҚБ кәсіпорындарына бағынысты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және хат алмасуды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша. МТҚБ және ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлеріне заңнаманы қолдану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Басқарманың бастамасымен МТҚБ ішкі актілерінің жобаларын әзірлейді. Басқарманың жұмыс жоспарларын әзірлейді. Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптардың жобаларын дайындайды. Басқарманың іс қағаздарын жүргізеді, оларды тұрақты және уақытша сақтауға беру үшін аяқталған істерді қалыптастырады. Құрылған комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысады. Қызметтік қажеттілік болған жағдайда Басқарманың басқа қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындайды.
Орташа лауазымдық жалақысы: 236 338
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану).
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттік органмен анықталатын тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасы заңнамасын; «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, бюджет заңнамасы, салық салу және мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары С-4 санаты үшін:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілуден өткені туралы жарамды сертификаттың болуы (жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды).
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттік органмен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі болуы. ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарламалар пакетін, электрондық құжатайналым, электрондық мұрағат бағдарламаларын білуі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Өтініш);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Әңгімелесу өткізу орынымен мерзімдері: жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекенжайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.