



МТҚБ Инженерлік орталығы кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығымен, сондай – ақ MSSP GLOBAL және tLab-ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы жетекші компаниялармен ынтымақтастық және жаңа бастамаларды іске асыру туралы 3 меморандумға қол қойды.
Іс Басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері үшін ҚР ПІБ цифрландыру және жобалық басқару бөлімі ұйымдастырған «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері және кибергигиена нормаларын сақтау» алқалы семинар-кеңесі шеңберінде меморандумдарға қол қойылды.
Қазіргі күн тәртібіндегі көтерілген өзекті тақырып басқосуға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Ерболат Қалим және Нұрбол Мұқашев, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ өкілі Алмат Махамбетов, MSSP GLOBAL киберқауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз сарапшысы Медет Турин, халықаралық сарапшы, киберқауіпсіздік бойынша отандық жетекші вендор tLab компаниясының өкілі Арнұр Тохтабаев қатысты. Білікті мамандар деректердің құпиялығын сақтау, фишингтік шабуылдардан қорғану, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту жолдары туралы мазмұнды баяндама жасады.
Мамандар Дербес деректер мен қызметтік ақпаратты қорғау тәсілдері, мемлекеттік органдарда жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ фишингтік шабуылдардан қалай қорғану керектігі туралы айтып берді.