Басты бетТалғат Әбдірахманов МТҚБ Автошаруашылығы директорының орынбасары болып тағайындалды

Талғат Әбдірахманов МТҚБ Автошаруашылығы директорының орынбасары болып тағайындалды

Талғат Әбдірахманов МТҚБ Автошаруашылығы директорының орынбасары болып тағайындалды

Талғат Қамбарұлы Әбдірахманов ҚР ПІБ МТҚБ басшысының бұйрығымен «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Автошаруашылығы» РМК директорының орынбасары болып тағайындалды. 

Бүгін, 17 қаңтарда МТҚБ басшысының орынбасары Нұрболат Ертас ұжымға жаңа басшыны таныстырып, табысты жұмыс тіледі.

Талғат Әбдірахманов 1974 жылы 17 қарашада ШҚО Ұлан ауданында дүниеге келген.

1997 жылы Республикалық есеп қызметкерлері институтын «өнеркәсіптегі бухгалтерлік есеп» мамандығы, 2001 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы бойынша салық инспекциясының жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

1997-2006 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Алматы және Астана қалаларының Жылжымайтын мүлік орталықтарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Лауазымға тағайындалғанға дейін, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне қызметке кірді, онда әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметте, еңбек етті.