Басты бетМТҚБ ӘҒД-ға жаңа орынбасарлар тағайындалды

МТҚБ ӘҒД-ға жаңа орынбасарлар тағайындалды

МТҚБ ӘҒД-ға жаңа орынбасарлар тағайындалды МТҚБ ӘҒД-ға жаңа орынбасарлар тағайындалды МТҚБ ӘҒД-ға жаңа орынбасарлар тағайындалды

МТҚБ басшысы Серік Бақтиярдың бұйрығымен Мақсат Сәбитов және Қайрош Ідірісов «МТҚБ әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директорының орынбасарлары болып тағайындалды.

Жаңа орынбасарларды кәсіпорын ұжымына ПІБ-нің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Ербол Адаев пен МТҚБ басшысының орынбасары Нұрболат Ертас таныстырды.

«Мамандар бұл басшылық лауазымға Іс басқармасының жүйесінде жұмыс істейтін меритократия қағидасы бойынша көтерілді. Сіңген еңбегімен көтерілу жүйесі маманның табыс пен мансаптық өсуі кәсіби жетістіктеріне, білімі мен құзыретіне байланысты екенін көздейді. Жаңа басшылардың жаңа қызметінде барлық жақсы қасиеттерін көрсететініне сенімдімін», - деді Ербол Адаев.

Сәбитов Мақсат Жанатұлы 1983 жылы 21 наурызда Целиноград облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін және Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген. МТҚБ жүйесінде 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін «МТҚБ ӘҒД» РМК бас инженері қызметін атқарған.

Ідірісов Қайрош Қанашұлы 1997 жылы 26 қыркүйекте Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Германиядағы Goethe University Frankfurt am Main бітірген. Университетті бітіргеннен кейін 2022 жылға дейін шетелдік компаниялардың өкілі болып жұмыс істеді. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК директорының қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.